26 шілде 2018 14:34

Ақерке Қозыкешованың өлімі: Полицейлер әрекетсіздік танытты деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Оралда мемлекеттік айыптаушы Ержан Құрманғалиев Ақерке Қозыкешованың өлімі бойынша істе облыстық ІІД басшысына қатысты жеке үкім шығару туралы өтініш білдірді. Айтуынша, ІІД қызметкерлері Ақерке Қозыкешовадан қоңырау түскенде әрекет жасаған жоқ, - деп жазады "Уральская неделя".

"Құрметті сот, мен облыстық ІІД басшысы, генерал Аблазимовқа жергілікті полиция қызметкерлерінің әрекетсіздік танытқаны үшін жеке үкім шығаруды өтінемін", - деді сот отырысы барысында прокурор Ержан Құрманғалиев.

Бұл өтініш іс материалдарына негізделген. 7 сәуірде Ақерке Қозыкешованың полицияға хабарласып, Асылбек Омаровтың оның соңынан түскенін айтқан. Алайда полиция қызметкерлері оның қоңырауына әрекет етпей, оған көмек беруге келмеген.

Сот алдына өлтірілген келіншектің бұрынғы қайын атасы келді. Ер адам сотта кінәсін мойындады.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2018 жылдың 8 сәуірінде болған еді. 

"Ақеркені мәйітханада көргенде танымай қалдық. Бетінен бет қалмаған - ұрып-соққан, басында да жарақаттар бар, денесі көгерген, кеудесіне пышақ салынған. Сот-медициналық сараптама Еркенің қабырғалары сынғанын көрсетті", - деген еді осыған дейін қайтыс болған қыздың туысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети