15 сәуір 2017 10:47

Әкімнің 22 жастағы жүргізушісінің жұмбақ өлімі: Іс тығырыққа тірелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының полицейлері Зеленов ауданы Шалғай ауылы әкімінің 22 жастағы жүргізушісінің өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Тергеушілер әкім жүргізушісінің өлімінде қылмыс құрамы жоқ деп есептейді, - деп жазады "Надежда" басылымы.


Батыс Қазақстан облысының полицейлері Зеленов ауданы Шалғай ауылы әкімінің 22 жастағы жүргізушісінің өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Тергеушілер әкім жүргізушісінің өлімінде қылмыс құрамы жоқ деп есептейді, - деп жазады "Надежда" басылымы.

Еске сала кетейік, Виктордың мәйіті былтыр 2 желтоқсанда өз үйінен табылған еді. Оның қылғынып өлгені хабарланып отыр. Сол күні ол жұмысқа шықпаған екен. Виктор Яковенконың денесін оның үйіне келген бауыры көрген. Көршілер қаза тапқан жігіттің өз үйінде орындыққа байлаулы табылғанын айтқан еді. "Оның тіпті іш киімі де әйелдікі болған. Ал аузында әйелдің шұлығы болған. Оны өлтіргендер шұлықты жас жігіттің аузына тыққаны сонша, оның алып шығу мүмкін болмаған", - деп жазған еді "Уральская неделя" басылымы.

"Барлығқ айғақ жігіттің зорлықпен өлтірілгенін көрсеткен еді. Алайда полицейлер осы қылмысқа қатысты мәлімет айтуға асықпады. Журналистер тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын сұрастырып тұратын. Ал тәртіп сақшылары болса "қылмысқа қатысы бар деген күдіктілерді таба алмай жатырмыз" деп жауап берген. Ал төрт айдан кейін олар тіпті бұл істі жай жаба салуды шешкен", - деп жазады басылым.

"Қызық жағдай болып тұр: денесінде зорлық белгілері болған адам өлімі, бірақ онда қылмыс құрамы жоқ. Сонда жігіт өз-өзін байлап, өзін өлтірген болып тұр ма? Алайда ІІД өкілдері оны өз-өзіне қол жұмсаған деп те айтпайды", - дейді басылымдағылар.

Ал прокуратура өкілдері полицейлердің шешімінің қаншалықты заңды екенін тексеруге уәде берді. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның облыстық филиалында бұл шешімді заңсыз деп атады.

"Меніңше, бұл заңсыз үкім, прокуратура шешімді жоюы керек. Мұнда екі нұсқа бар: мүмкін, полицейлер бұл іспен айналысқысы келмейді немесе олардың бұл қылмысты ашуға мүмкіндік бермейтін қандай да бір себептері бар", - деді филиалдың директоры Павел Кочетков.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети