Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақмола облысында 76 жастағы зейнеткер келінін сотқа берді

22 Мамыр 2015, 10:59
0
© Sibdepo.ru
© Sibdepo.ru

Ақмола облысында 76 жастағы зейнеткер келінін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамыр күні зейнеткер өз мүлкін қайтару үшін полицияға арызданды. Оның айтуынша, келіні оны алдап, бар мүлкін өз атына жаздырып алған.

"Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне зейнеткер келіп келінін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Келіні енесінің бар мүлкін өз атына шығарып қана қоймай, карточкасындағы 225 мың теңгесін алып алған", - делінген полицияның хабарламасында.

Айта кетейік, әйелге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша оған 1000 АЕК көлімінде айыппұл салынады немесе 2 жылға дейін бас бостандығына шектеу қойылады, тіпті 2 жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай