21 қаңтар 2020 13:26

Ақмола облысында басқарма басшысы мен орынбасарына айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен орынбасары бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ-нің басшысы А.К.Сағынбаев пен оның орынбасары Г.А.Әбдірахмановаға қатысты бюджет қаражатын ысырап ету арқылы ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"2020 жылдың қаңтарында Көкшетау қалалық сотының үкімімен А.К.Сағынбаев пен Г.А.Әбдірахманова бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып, әрқайсысына 2 147 450 теңге сомасында айыппұл салынды және және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырды", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети