27 қараша 2019 09:40

Ақмола облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Белағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны азаматтық некедеге әйелінің үстіне солярка шашып, өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысы Белағаш ауылының 25 жастағы тұрғыны азаматтық некедеге әйелінің үстіне солярка шашып, өртеп жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, 25 қарашада Жақсы аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухананың кезекші дәрігері хабарласып, қабылдау бөліміне беті мен мойнын термикалық күйік шалған Белағаш ауылының 32 жастағы тұрғыны түскенін айтқан. 

"Тергеу барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анықтауы бойынша, отбасылық жанжал кезінде 25 жастағы күдікті (бұрындары сотталмаған) мас күйде жәбірленушінің үстіне солярка құйып, өртеп жіберген", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Кінәсін мойындады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети