30 қазан 2020 09:19

Ер адам банкоматта қалып қойған жарты миллион теңгені алып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kakprosto.ru © kakprosto.ru

Ақмола облысында ер адам банкоматта басқа біреу қалдырып кеткен 540 000 мың теңгені иеленген. Кейін оның кім екенін полиция анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ДП-ға сілтеме жасап. 

Көкшетау қаласының полиция басқармасына 27 қазанда облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны өтініш жазған. Оның айтуынша, банкомат арқылы ақша аудармақ болып, ұяшыққа қаражатын салғаннан кейін алаңғасарлыққа салынып, операцияны аяқтамаған. Ал келесі клиент қалып қойған ақшаны алып, болған жағдай туралы қауіпсіздік қызметіне хабарламай, банктен кетіп қалған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтады. Ол Көкшетаудың 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта процессуалдық шешім қабылдау мәселесі қаралып жатыр", - деді полиция өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети