16 шілде 2015 12:56

Ақмола облысында қаза болған әкім әйелдің күдіктімен бірге тұрмағаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "КТК" телеарнасы © "КТК" телеарнасы

Ақмола облысында қаза болған әкім әйелдің күдіктімен бірге тұрмағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында қаза болған әкім әйелдің күдіктімен бірге тұрмағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысындағы ауыл әкімінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Жақсы ауданы Белағаш ауылдық округінің әкімі Яна Крыльдің күдіктімен бірге тұрмағаны анықталды. Қазіргі таңда бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Белағаш ауылдық аймағын басқарған Яна Крыльді тура жұмыс кабинетінде өз күйеуінің пышақтап өлтіргені хабарланған болатын. Оқиға 14 шілде күні сағат 20.05-те болды. 1978 жылғы азамат ауыл әкімдігінің ғимаратында Белағаш ауылдық округінің әкімі, 1982 жылы туылған азаматшаға пышақ салды. Осыдан кейін ол өзінің мойын тұсына пышақ сұқты. Алған жарақаттарынан әкім ауруханада есін жиғаннан кейін көз жұмды. Ал ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді және оған қаруланған күзет қойылды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети