17 мамыр 2016 09:44

Ақмола облысында полицейдің бетінен ұрған жүргізуші сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында полицейдің бетінен ұрған жүргізуші сотталды, ол бір жыл төрт айға бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында полицейдің бетінен ұрған жүргізуші сотталды, ол бір жыл төрт айға бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарады. Сот барысында азамат алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқару кезінде тоқтатылған. Медициналық куәландырудан өту туралы полиция қызметкерінің заңды талабына құқық бұзушы полиция қызметкерінің бетінен соққы жасаған", - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 380-бабының 1-бөлігінде ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеумен, 240 сағатқа мәжбүрлеп еңбекке тарту түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оған қатысты пробациялық бақылау орнатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети