11 қаңтар 2018 09:41

Ақмола облысында түнгі клубта ұрлық жасады деген күдікті анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 6 қаңтарда Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын түнгі клубтардың бірінде белгісіз біреудің оның гардеробта тұрған қаракүзен баскиімін, ішінде әмияны бар күртесін алып кеткенін хабарлаған. Алдын-ала мәлімет бойынша, шығын көлемі - 268 000 теңге.

"Ер адам полиция қызметкерлеріне гардеробта сырт киімін қалдырып, ары қарай демалуға кеткенін айтқан. Бірақ заттарын алып кетуге келгенде ол киімін таппай, бірден полицияға хабар берген. Оқиға орнына келген кезекшілер мен жедел топ клуб қызметкерлерінен және куәгерлерден жауап алды. Видеожазбадағы кадрларды қараған соң тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам алған ақшаны өз мүддесіне жаратып қойған", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети