03 сәуір 2015 12:16

Ақмолада облысында аурухананың бас дәрігері 23 миллион теңгені заңсыз иемденген

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Ylilauta.org @Ylilauta.org

Ақмола облысында аудандық емхананың  бас дәрігері мен бас есепшісі 23 миллион теңгені заңсыз иемденгені үшін айыпталуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында аудандық емхананың  бас дәрігері мен бас есепшісі 23 миллион теңгені заңсыз иемденгені үшін айыпталуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егіндікөл аудандық соты емхананың бас дәрігері мен есепшісінің үстінен қылмыстық іс қозғады. "Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабының 4 "б" бөлімі бойынша қызметін асыра пайдаланып, ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемденді деп айыпталуда", - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, айыпталушылар алдын-ала келісім бойынша жоспар құрып, бюджет қаражатын келісімді түрде басқа есепшотқа аударып отырған. Түскен қаржыны олар өзара бөліскен. Алдын-ала есептеу бойынша, жалпы материалдық шығын - 23 миллион 257 003 теңге.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның бұрынғы министрі Серік Ахметовке жемқорлық мәндегі алты қылмыс бойынша ресми түрде айып тағылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазір ол уақытша үй қамауында отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети