21 желтоқсан 2015 17:29

Ақтау әкімінің орынбасары пара берді деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Дирр. © lada.kz Юрий Дирр. © lada.kz

Ақтау әкімінің орынбасары Юрий Дирр пара берді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Онымен бірге облыстық тексеру комиссиясының лауазымды тұлғалары ұсталды. Бюроның мәліметінше, комиссия төрағасы М. Нысамбаев және комиссия мүшесі А.Әменов топ адаммен алдын ала келісім бойынша делдал арқылы әкім орынбасарын "Абай атындағы мәдениет үйі" МКҚК-ның 2014-2015 жылдардағы қаржы-шаруа қызметін тексеру барысында анықталған заңбұзушылықтарға әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану дерегін жасыру мақсатында екі миллион теңге көлемінде пара беруге мәжбүрлеген. 

Нысамбаев, Әменов және Дирр Ақтау ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети