02 тамыз 2016 18:20

Ақтау полицейлері мотоциклшіні соғып тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтау полицейлері мотоциклшіні жарты сағат бойы қуып жүріп, соғып тоқтатты, - деп хабарлайды Lada.kz. Басылымның мәліметі бойынша, оқиға 2016 жылы 31 шілдеде болған. Патрульдік автомобиль мен Yamaha мотоциклі "Москвич" техникалық қызмет көрсету станциясының жанында болған.


Ақтау полицейлері мотоциклшіні жарты сағат бойы қуып жүріп, соғып тоқтатты, - деп хабарлайды Lada.kz. Басылымның мәліметі бойынша, оқиға 2016 жылы 31 шілдеде болған. Патрульдік автомобиль мен Yamaha мотоциклі "Москвич" техникалық қызмет көрсету станциясының жанында болған.

23 жастағы мотоцикл жүргізушісінің айтуынша, ол жол бойында рұқсат етілген жылдамдықта қозғалып бара жатқан. Мотоциклдің жолаушы отыратын жерінде 15 жастағы қыз болған. "Біз полицейдің тоқта деп нұсқағанын көрген жоқпыз, сондықтан ары қарай жүре бердік. Бірнеше жол-патрульдік көлік бізді қуа бастады. Олар жарты сағат бойы қуды. Бізді жан-жақтан қоршап, жолдарды жапты. Соңында олар мотоциклді соқты", - дейді ол.

Ер адам полицейлер өздерін тоқтатпақ болғанын аңғармаған. Оның айтуынша, тоқтату туралы дауыстап хабарлама ешкім жасаған жоқ. "Бізді қуып жетіп, соғып тоқтатты, жарақат алудан аман қалдық. Қылмыскерлерді ұстағандай біздің қолымызды қайырды. Менің кәмелет жасына толмағанымды біле отырып, үлкендерсіз сұрақ жауап алды", - деп шағымданды кәмелет жасына толмаған жолаушы.

Өз кезегінде Маңғыстау облыстық баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаны қалай болғандығын айтып берді. "Полиция қызметкерлері тоқта деген белгі көрсетіп, жезлін көтерген, алайда мотоциклші оны елемеген. Мотоцикл мемекеттік номерсіз қозғалыс жасаған. Сонымен қатар, жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне үш рет өткен, маневр жасап, жолдың қарама қарсы бағытына шығып кеткен. Патрульдік көліктер артынан қуған. Соңында жол-патрульдік авто мен мотоциклдердің дөңгелектері тиіп соғысқан", - деп түсіндірді полициядағылар. Сонымен қатар, ІІД өкілдерінің айтуынша мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан кейін медициналық куәландырудан өткен. Сараптама бойынша, оның қанында алкоголь мен психотроптық заттар жоқ екен.

Мотоциклші алты бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін. Іс материалдары Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети