1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақтауда 24 жастағы өзбек азаматшасы зергерлік бұйымдардың контрабандасымен ұсталды

© kabarlar.org © kabarlar.org

Қазақстандық шекара қызметіндегілер демалыс күндері "Ақтау" халықаралық әуежайының өткізу пунктінде зергерлік бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекара жасағы "Ыстамбул-Ақтау" рейсінде Өзбекстанның 24 жастағы азаматшасын ұстады. Сары түсті зергерлік бұйымдар азаматшаның қол жүгін тексеру кезінде табылды. Онда жүзіктер, сырғалар, алқалар мен білезіктер болды. Маңғыстау облысының құқық қорғак органдары қызметкерлері мен өзара әрекеттес органдарға бұл жайында хабарланды", - делінген ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.