18 желтоқсан 2015 15:46

Ақтауда арнайы жасақтың банк терминалдарын тонаушылар тобын ұстаған сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ladakz\YouTube © Ladakz\YouTube

Ақтауда банк терминалдарын тонауға әрекеттенген күдіктілерді арнайы жасақтың ұстағаны видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Lada.kz. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Грузия, Әзірбайжан және Молдава азаматтары ұсталған.


Ақтауда банк терминалдарын тонауға әрекеттенген күдіктілерді арнайы жасақтың ұстағаны видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Lada.kz. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Грузия, Әзірбайжан және Молдава азаматтары ұсталған.

Интернетте жарияланған видеодан арнайы бөлімше қызметкерлерінің автомобиль жүргізушісі мен жолаушысын ұстағанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 15 желтоқсанда сағат шамамен 23.00-де 27-ші ықшамаудандағы "Бәйтерек" сауда орталығының маңында болған.

Кадрдан Volkswagen Jetta автомобиліне жігіттің отырғанын көруге болады. Осыдан кейін кадрда ақ түсті Kia Sportage пайда болады. Одан арнайы жасақ қызметкерлері шығып, автомобильдегі адамдарды ұстады.

ІІД баспасөз қызметі күдіктілердің банктің және банк терминалдарының жұмыс істеу режимін біліп алып, Ақтау тұрғындарының шоттарынан ақша алу үшін қолдан карталар жасап алғанын хабарлады. Олар қылмысты карта иелері біліп қалмуы үшін мереке күні, 15 желтоқсанда жасамақшы болған. Осыдан кейін олар Қазақстаннан кетіп қалуды жоспарлаған. "Күдіктілерден ноутбук, қолдан жасалған несие карталары, 37 дана банк картасы және 152 мың теңге көлемінде ақша тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети