14 қазан 2015 17:57

Ақтауда белгісіз біреулер сейфтен 11 миллионнан аса қаржыны ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gagauzmedia.md © gagauzmedia.md

Ақтауда белгісіз біреулер сейфті бұзып, 11 миллион 300 мың теңгені ұрлап кетті, - деп хабарлайды "Лада" порталы.


Ақтауда белгісіз біреулер сейфті бұзып, 11 миллион 300 мың теңгені ұрлап кетті, - деп хабарлайды "Лада" порталы.

Порталдың мәліметінше, оқиға "Наси" кәсіпорнында болған. Белгісіз біреулер компанияның кеңсесіне кіріп, сейфті бұзған. Сөйтіп, ірі көлемді қаржы қолды болды. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ақпарат құралының мәліметінше, тағы бір ұрлық дерегі Ақтаудың 28-ықшамауданында тіркелді. "Донер кебаб" дәмханасынан ақша мен азық-түлік ұрланды.

"Қылмыскерлер есікке дәл келетін кілтті тауып, 15 мың теңге ақша мен 30 мың теңге тұратын азық-түлікті ұрлап кетті, тергеу жүріп жатыр", - делінген жарияланымда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети