05 сәуір 2016 16:22

Ақтауда белгісіздер бір адамды өлтіріп, тағы біреуін жаралап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға болған жерде түсірілген сурет. Оқиға болған жерде түсірілген сурет.

Ақтаудың 11-ші ықшамауданында 4 сәуір күні түнге қарай кісі өлімі болды, - деп хабарлайды "Лада".


Ақтаудың 11-ші ықшамауданында 4 сәуір күні түнге қарай кісі өлімі болды, - деп хабарлайды "Лада".

Тұрғындар №31 үйдің ауласынан пышақ жарақатын алған ер адамды және №30 үйдің ауласынан ес-түссіз жатқан тағы бір адамды тауып алғаннан кейін дәрігерлер мен полицейлерді шақыртқан.

Оқиға болған жерге жеткен дәрігерлер пышақ жарақатын алған 1991 жылғы жігітті дереу ауруханаға жеткізді. Екінші жедел жәрдем қызметкерлері ес-түссіз жатқан адамның қаза болғанын анықтады.

Куәгерлердің айтуынша, атысқа ұқсас дыбыс естілген. Терезеден қараған олар шалқалап жатқан ер адамды көреді.

Ведомство өкілдері әзірше оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ. Полицейлер оқиғаның мән-жайын толығырақ хабарлауға уәде берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети