16 қаңтар 2015 15:17

Ақтауда бесікке байланған баланың әкесі сот алдында жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекнұр Мырзабай. ©lada.kz Бекнұр Мырзабай. ©lada.kz

Ақтаудағы Бекнұр Мырзабайдың әкесі баласының ұзақ уақыт бойы қозғалмай бесікте жатқаны үшін сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Lada.kz. Еске сала кетейік, бесікке байланған баланы дәрігер бір жеке үйдің алдынан тауып алған болатын. Ол бесікке таңылып, күн астында қалған. Бала алдымен ауруханаға жатқызылып, кейін сәбилер үйіне тапсырылды.


Ақтаудағы Бекнұр Мырзабайдың әкесі баласының ұзақ уақыт бойы қозғалмай бесікте жатқаны үшін сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Lada.kz. Еске сала кетейік, бесікке байланған баланы дәрігер бір жеке үйдің алдынан тауып алған болатын. Ол бесікке таңылып, күн астында қалған. Бала алдымен ауруханаға жатқызылып, кейін сәбилер үйіне тапсырылды.

Баланың әкесі сотта өз кінәсін мойындады. Мамандардың айтуынша, егер оның кінәсі дәлелденсе ол "Балалар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін туғандары бесікке байлап тастаған Бекнұр Мырзаның денсаулығы жақсарып келе жатқаны хабарланған болатын. Оның тастап кеткен анасы да оралды. Ол баласына үнемі барып тұрады. 

Айта кетейік, бұған дейін полицейлер жәбірленген баланың өгей әпкелерінің физикалық және психикалық денсаулығын бағалауды талап еткен болатын. "Егер тексеру барысында оларға да дұрыс күтім көрсетілмейтіні анықталса, олардың кейінгі өміріне қатысты мәселе көтерілетін болады", - деп мәлімдеді құқық қорғау органы мамандары.

Еске сала кетейік, Ақтауда бұлшықеті қисайған, басында қанды ісігі, құйрығында ойық жарақаты бар бала ауруханаға түскен еді. Кейін оның сал ауруының жеңіл формасына шалдыққаны белгілі болды. Полиция баланың туыстарының әрекетінен қылмыс құрамын таппады, бірақ кейін әкесі "Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баланың жағдайы жергілікті фельдшерлердің бірінің арқасында жария болды, жуырда оның осы ақпарат үшін жұмыстан шығарылғалы жатқаны хабарланды. Бірақ кейін бұл ақпарат расталмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети