16 сәуір 2016 16:41

Ақтауда білім бөлімінің экс-басшылары 500 миллион теңгеден аса қаржыны жымқырды деген күдік бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшыларының жалпы көлемі 586 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Бұл қаражат "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2013-2014 жылдар аралығында Н.Құрманбаев пен С.Құрманғазиева бекітілген тізім бойынша 15 жекеменшік балабақшаға мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу қызметін көрсетуді сылтауратып, заңсыз түрде ақша аударған. Төлемге негіз ретінде балаларды қабылдау туралы шарттардағы орындалған жұмыстар бойынша жалған актілер пайдаланылған, іс жүзінде тізімде кезекте тұрмаған балалар да болған", - деді департаменттегілер.

Сотталушыларға қатысты "кепілдік беру" бұлтартпау шарасы қолданылды. Сонымен қатар, қаладағы балабақшалардың басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети