03 мамыр 2014 20:13

Ақтауда екі сарбазды өлтірді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскерилердің өлі денесі табылған пәтер. Сурет lada.kz сайтынан алынған Әскерилердің өлі денесі табылған пәтер. Сурет lada.kz сайтынан алынған

"Ақтауда келісімшар негізінде қызмет атқарып жүрген екі сарбазды өлтірді деген күдікті ұсталды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Ақтауда келісімшар негізінде қызмет атқарып жүрген екі сарбазды өлтірді деген күдікті ұсталды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Алия Шермағамбетованың мәлімдеуінше, екі сарбазды өлтірді деген күдікті қолға түскен. Оның сөзіне қарағанда, күдікті полиция қызметкерлерінің жедел-іздеу іс-шарасы нәтижесінде құрықталған. Сондай-ақ, облыстық ІІД баспасөз хатшысы ұсталған күдіктінің қылмысын мойындағанын айтады.

Естеріңізге салсақ, келісімшарт негізінде әскери қызмет атқарып жүрген екі сарбаздың өлі денесі 2 мамыр күні кешке Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Қайтыс болған сарбаздар Қазақстандағы жалғыз теңіз-жаяу әскері бригадасының №25744 әскери бөлімде қызмет атқарған. Оқиғаның басқа мән-жайы қазірге беймәлім.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети