Ақтауда iPhone мен ұшақ билетін пара ретінде алған полиция 7 жылға бас бостандығынан айырылды

08 Қараша 2014, 15:31
0
Ақтауда iPhone мен ұшақ билетін пара ретінде алған полиция 7 жылға бас бостандығынан айырылды - Фото atyrau-business.com сайтынан алынды
Фото atyrau-business.com сайтынан алынды

Ақтауда экс-полиция жеті жылға тәртіп түзеу колониясына тоғытылды, - деп жазады "Лада" басылымы. Бұрынғы тергеушінің үстінен қозғалған іс бойынша сот 7 қарашада өткен. 

Ақтаудың Ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталған. Қылмыстық іс деректері бойынша, ол автокөлік бөлшектерін ұрлау ісі бойынша тергеуге алынған азаматтан ұшақ билеттерін, 50 мың теңгені және ұялы телефонын тәркілеген болып, өз қалтасына басып қалған. Кейбір дерек бойынша, телефон - iPhone 5S. 

Прокуратурадағылардың пікірінше, бұрынғы тергеушінің айыбы толықтай дәлелденген, сонымен қатар сотқа тартылушы да өз кінәсін мойындаған.

Сот үкімі шыға салысымен экс-полиция сот залында қамауға алынды. Ол сот шешімін жоққа шығарып, шағымданады ма, мұнысы, әзірге белгісіз. Үкім әлі заңдық күшіне енген жоқ, ол үшін он күн өтуі тиіс. Осы мерзім ішінде айыпты апелляцияға жүгіне алады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай