09 қараша 2016 23:00

Ақтауда жаңа туған нәрестені саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© matritca.kz © matritca.kz

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушері, қылмыс жасауға көмектескен заңгер мен делдал және сәбиді босанған әйелге 3 және 8 жыл аралығында жаза тағайындалды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Ең қатаң жаза - 8 жыл босану бөлімінің жетекшісі Анаргүл Епеноваға кесілді. Тергеу мәліметі бойынша, дәрігер тұрмысы төмен келіншектерді сәбиін сатуға үгіттеген. Бала саудасын рәсімдеген заңгер болса, жеті жарым жылын түрмеде өткізеді. Ал, саудаға түскен сәбидің анасы бес жылға сотталды. Алайда ол жазасын бір жыл кешіктіріп өтейді. Себебі, көкек ананың тағы да аяғы ауыр екен.

Сондай-ақ, сатып алушыны тапқан делдал әйел де жазасыз қалмады. Судья оны 3 жылға түрмеге жабу туралы үкім шығарды.

Еске салайық, сәбилерді саудаға салғандар тамыз айында әшкере болған еді. Полиция қызметкерлері шарананы бір жарым миллион теңгеге бағалаған адамдармен  сатып алушы ретінде хабарласқан. Сөйтіп, қылмыстық топты түгел қолға түсірген болатын. Тергеу кезінде 2 жағдай анықталды. Бірінде баланы сатпақ болса, екіншісінде олар ойын жүзеге асырып үлгеріпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети