20 наурыз 2019 07:54

Ақтауда қарулы топ букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Ақтауда тапатал түсте букмекерлік кеңсені тонауға келген қарақшылар бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Қызығы сол, әлеуметтік желіге тарап кеткен кадрларды көрген жұрт жағаларын ұстаудың орнына, керісінше, күлкіге қарық болды, - деп хабарлайды КТК тілшісі. 

Ал оған себеп - қарулы шабуыл кезінде тәтті ұйқыда жатқан азамат. Букмекерлік кеңсеге бәс тігуге келген ол, тіпті, қарақшылар кассирлерге айқайлап жатқанда да оянған жоқ. Кадрларда тапаншамен қаруланған ұрылардың бірі кассадағы қызға қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап етеді. Қолға түскен олжаны пышақ ұстаған екінші ұры алып кетеді. Ұры келесі кассаға жақындағанда ондағы кассир қарсылық көрсетеді. Қарақшымен алысқан қыз шақырту қоңырауын басып үлгереді. Дабылдың қағылуы сол екен, ұрылар із суытқан. Қалың ұйқыдағы кісі сонда да оянбады. Қазіргі кезде үш қарақшы да қамауға алынды. Ақпарат бойынша, ұрылар кассадан 130 мың теңге алған, бірақ жаратып үлгермепті.

Дереккөз: КТК

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети