11 шілде 2015 10:55

Ақтауда сарбазды ақша үшін өлтірген қылмыскерге жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tumba.kz © Tumba.kz

Ақтауда өзімен бірге әскерде болған сарбазды өлтірген Ұлжан Қайсаров сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Тумба.kz".


Ақтауда өзімен бірге әскерде болған сарбазды өлтірген Ұлжан Қайсаров сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Тумба.kz".

"Алдын ала тергеу кезінде Қайсаров кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен сотта ол айғақтар көрсетілгеннен кейін қылмысын мойындады", - деді Ақтау гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Қасен Рахматулин.

"Ұлжан Қайсаров Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды: алаяқтық және кісі өліміне әкелген өзара қарым-қатынас ережесін бұзу. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілей отырып жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге шешім қабылдады", - деді соттағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы №2018 әскери бөлімінде Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы 19 жастағы сарбаз белгісіз жағдайда қаза тапқаны хабарланған болатын. Қайтыс болған жігіттің туыстары оны ақша үшін өлтіргеніне сенімді.

Әскери прокуратураның хабарлауынша, осы жылдың 14 сәуірінде ҰҚК Шекараның шұғыл қызметі 2018 әскери бөлімінің ефрейторы Қайсаров материалмен қамтамасыз ету әскери бөлімінің қосалқы ғимаратында өзара қарым-қатынас ережесін бұза отырып, қатардағы Жалғас Ақжігітовтің кеуде тұсына оң қолының жұдырығымен бірнеше рет соққы жасаған. Нәтижесінде жігіт оқиға орнында қаза тапты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети