09 қаңтар 2017 09:19

Ақтауда тойдан кейін жарақат алған ер адамды белгісіз біреулер аурухана есігінің алдына тастап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Маңғыстау облыстық ауруханасында орнатылған камераға қабылдау бөлімінің есігіне белгісіз біреулердің жараланған ер адамды қалдырып кеткені түсіп қалған, - деп жазады "Лада".


Маңғыстау облыстық ауруханасында орнатылған камераға қабылдау бөлімінің есігіне белгісіз біреулердің жараланған ер адамды қалдырып кеткені түсіп қалған, - деп жазады "Лада".

Видеодан бөлімшеге BMW маркалы көліктің келгені көрінеді. Содан көліктен бір адам шығып, жараланған ер адамды есіктің алдына тастап кетеді. Кейіннен ол қайта көлігіне мініп, кетіп қалады.

Куәгердің айтуынша, үсті қан-жоса болған ер адам бірден жансақтау бөліміне жеткізілген.

Емдеу мекемесінің қызметкерлері жараланған ер адамның 1987 жылғы екенін және оның 3 қаңтарда кешкі уақытта тойдан кейін жеткізілгенін хабарлады. Оған жабық бассүйек ми зақымы мен көптеген жарақат алған деген диагноз қойылды. Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адам нейрохирургия бөлімінде жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Сондай-ақ, полицейлер видеоға түсіп қалған BMW автокөлігін іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети