19 тамыз 2019 17:50

Ақтаулық келіншек қызғаныштан өз жігітін пышақтап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық келіншек қызғаныштан өз жігітін пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 26 мамырда сотталушының үйінде болған. 


Ақтаулық келіншек қызғаныштан өз жігітін пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 26 мамырда сотталушының үйінде болған. 

Ортақ таныс келіншектен қызғанған әйел өз жігітін асхана пышағымен жарақаттаған. Ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Келесі күні ол қайтыс болған.

Сот үкімімен әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) орташа қауіпсіз мекемелерінде сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети