Ақтөбе облысында белгісіз біреулер ер адамды пышақтап, аурухана дәлізінде қалдырып кеткен

09 Қазан 2019, 09:24
0
Ақтөбе облысында белгісіз біреулер ер адамды пышақтап, аурухана дәлізінде қалдырып кеткен - © "Хабар 24"
© "Хабар 24"

Ақтөбе облысы, Алға аудандық орталық ауруханасына белгісіз адамдар жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған ер адамның денесін әкеліп, дәлізде қалдырып кеткен, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Кезекші медицина қызметкерлерінің сөзінше, олар үшеу болған. Ауруханадағылар көліктің қара түсті екенін байқап қалған. Алайда көліктің маркасын анықтай алмаған. Дәрігерлер бірден полицияға хабарласқан. 

Көп ұзамай Бестамақ ауылынан шығаберісте қою көк түсті Lexus GS 300 автокөлігі тоқтатылған. Көлікте үш адам болған. Олардың іс-әрекетін полиция өкілдері күмәнді деп санаған. Тінту барысында күдіктілердің бірі ұрыс кезінде жәбірленушіге пышақпен жарақаттағанын және ол есін жимастан көз жұмғанын айтқан. Ол полиция қызметкерлеріне суық қару - пышақты берген. 

Бүгінде іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қаралып жатыр. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай