01 қазан 2019 | 10:13

Ақтөбе облысында МКМ экс-қызметкерлері кафе қожайынын соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobenews.kz © aktobenews.kz

Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы шағын кафенің иесі полицияға шағым түсірді, - деп хабарлайды aktobenews.kz сайты. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы шағын кафенің иесі полицияға шағым түсірді, - деп хабарлайды aktobenews.kz сайты. 

Кәсіпкерді мемлекеттік кірістер мекемесінің экс-қызметкерлері соққыға жыққан. Бүгінде ауруханаға түсіп қалған кәсіпкер келіншек өзін "мемлекеттік мекеменің қызметкеріміз" деп қорқытқандарды заңмен жазалауды сұрап отыр.

"24 қыркүйекте түнде кафеге келген екі жігіт ескерту жасағаным үшін ұрып жіберді. Олар сыраның ыдысын сыртқа алып шыққан. Ыдысты сыртқа алып шығуға болмайтынын айтқаным үшін олар мені қорқытуға көшті. Аудандағы мемлекеттік кіріс бөлімінен тексеруге келгендерін айтып, мені балағаттады. Онымен қоймай, бірі жұдырығымен көзімнен ұрып құлатты", - дейді кәсіпкер Шынар Қамиева.

Ал Қобда аудандық мемлекеттік кіріс мекемесінің басшылары бұзақылық жасағандардың он жылдық еңбек өтілі бар өз әріптестері болғанын растайды. Тек олар бұзақылық жасаған күні қысқартуға ұшыраған.

"Ол кісілер қазір бізде жұмыс жасамайды. Қысқартуға байланысты 24 қыркүйек күні өз арыздарымен жұмыстан шығып кетті", - дейді Қобда аудандық мемлекеттік кірістер мекемесінің бөлім басшысы Болат Жекеев.

Аталмыш оқиғаға қатысты полиция департаменті бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қобда ауданында кафенің меңгерушісі мен орталыққа демалуға келген тұрғынның арасында келіспеушілік туындайды. Нәтижесінде кафе меңгерушісін бетінен ұрған. Қазір ҚР ҚК-нің 293 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алған соққыдан миы шайқалған кәсіпкер жедел жәрдем ауруханасында ем алып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети