17 сәуір 2017 14:01

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен жетім балалардың азық-түлігіне ұры түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғыны тастап кеткен үйіне ұры түскенін айтты, - деп хабарлайды "Тілші".


Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғыны тастап кеткен үйіне ұры түскенін айтты, - деп хабарлайды "Тілші".

Ақпарат орталығының мәліметінше, қаладағы мектептердің біріне орналастырылған ол екі жетім баланың көмекақысына алған азық-түлікті, ыдыс-аяғы, көрпе-төсектері мен басқа да заттарын бәзбіреулердің қолды қылғанын айтып жылайды.

"Екі жетім баланың жәрдемақысына алынған азық-түлікті алып кетті. 45 мың теңгеге алған азық-түлігім еді. Енді кімге барып, зарымды айтамын", - дейді әйел видеода.

Айта кетейік, сәуір айының басынан бері Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы елді мекендерді су алып жатыр. Елді мекендерде эвакуация жұмыстары жүргізілу үстінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети