05 маусым 2016 19:30

Ақтөбе полициясы тұрғындардан көшеге шықпауын сұрап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе полициясы тұрғындарды көшеге шықпауға шақырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 


Ақтөбе полициясы тұрғындарды көшеге шықпауға шақырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

"Ақтөбеде антитеррорлық операция режимі жарияланды. Көңіл көтеру мекемелерінің жұмысы тоқтатылды және қоғамдық көліктер жүріп жатқан жоқ. Азаматтарға көшеге шықпау және сақ болу кеңес етіледі", - деп мәлімдеді Сәдубаев.

"Ақтөбе облыстық ІІД-не белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түсті. Тағы бір қару-жарақ дүкені мен Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. "Шабуыл кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы өлтірілген және бір адам жарақат алды. Әскери бөлімге жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер және келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды", - деп хабарлады Сәдубаев.

ІІМ мәліметінше, шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, үшеуінің көзі жойылды, біреуі жарақат алды. "Қазіргі уақытта бірнеше қылмыскер блокқа түсірілді, бірнешеуі жасырынып үлгерді", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети