09 шілде 2015 11:06

Ақтөбе тұрғыны WhatsApp арқылы жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтөбенің 35 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы моджахедтердің жауынгерлік әрекеті туралы видео таратып, жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбенің 35 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы моджахедтердің жауынгерлік әрекеті туралы видео таратып, жиһадқа үндеу жасаумен айналысқан, - деп хабарлайды "Диапазон".

Тергеу материалдарына қарағанда, Бахтияр Юсупов радикалды мәндегі діни ағымдарды таратқан. Ол "Садақа - оттан қорған" ("Садака - это щит от огня") деп аталатын қоғамдастық құрған. Оған 20 адамды қосып алған. Өз тобына Юсупов аудио- және видеороликтерді салыпты, олардың ішінде моджахедтердің орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі субтитрлары бар үндеулері болған. Видеороликтердің бірі "Алға, жиһадқа" деп аяқталады. Сонымен бірге, видеода моджахедтердің ұрыс әрекеті, жаттығуы және шет тілінде ән айтқан кездері көрсетілген. Бахтияр Юсуповты құқық қорғау органдары ұстады. Сот оны екі айға қамауға алды.  

Еске салайық, 2014 жылдың қаңтарында Ақтауда WhatsApp арқылы терроризмді насихаттағаны үшін бір әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, 27 жастағы әйел 2014 жылдың 10 маусымынан 9 тамызына дейін электронды хаттардың көмегімен терроризмді ақтайтын идеялар мен концепцияларды таратып келді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети