2017 жылдың 17 тамызында полицейлер "Ақтөбе-Астрахань" автожолының 12-ші шақырымында мәйіті бар автокөлікті тапқан еді. Осы қылмыстық істі шешу үшін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің тәжірибелі мамандарынан жедел тергеу тобы құрылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайтыс болған ер адам 55 жастағы Ақтөбе қаласы тұрғынының такси жүргізушісі болып, өз көлігімен жолаушылар тасымалымен айналысқаны анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Олар жәбірленушінің әмияны мен ұялы телефонын өздерімен бірге алып кеткен. Күдіктілердің екеуінің де жасы 19-да. Олар қылмыстарын мойындады.
Осы дерекке қатысты ҚР Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1- бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.