27 қазан 2015 12:26

Ақтөбеде 23 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатпақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestinedeli.com.ua © vestinedeli.com.ua

Ақтөбе тұрғыны жаңа туған қызын 200 мың теңгеге сатпақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе тұрғыны жаңа туған қызын 200 мың теңгеге сатпақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қазанда Ақтөбе облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралары нәтижесінде 23 жастағы қала тұрғыны өз нәрестесін сатпақ ниетте деген ақпаратты анықтады.

Әйел 23 қазанда жалдамалы пәтерінде ұсталды. Ол 15 қазанда туылған қызы үшін 200 мың теңге алғаннан кейін құрықталды. Нәрестені сатып алушының ролін полиция қызметкері сомдады.  

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігімен ("Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру жасыру, алу сондай-ақ, қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау") қылмыстық іс қозғалды, бұл бап бойынша оның мүлкі тәркіленіп, ол бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген ІІД хабарламасында.

Айта кетейік, 200 мың теңге көлеміндегі қаражат заттай айғақ ретінде тәркіленді, ал күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда ювенал полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып нәрестені Ақтөбе қалалық "Үміт" сәбилер үйіне орналастыру мәселесі қаралып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети