07 қазан 2014 19:58

Ақтөбеде алаяқ әйел 30 шақты адамды алдап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews иллюстрациясы © Тengrinews иллюстрациясы

Ақтөбеде алаяқ әйел 30 шақты адамды бірдей алдап кетті, - деп хабарлайды облыстық прокуратурадағы дерек көзіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде алаяқ әйел 30 шақты адамды бірдей алдап кетті, - деп хабарлайды облыстық прокуратурадағы дерек көзіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Алаяқ әйел адамдарды "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ арқылы мемлекеттік бағдарламамен берілетін баспананы алуға көмектесе аламын деп сендірген. 66 жастағы әйелдің сөзіне сенген Ақтөбе тұрғындары оған қолындағы бар жинағын ұстатып жіберіп, ақырында оны таппай қалған. Алдап-арбауға түскен адамдар саны - 32, шығынның жалпы көлемі 8 миллион теңгені құрайды.  

Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының қызметкері Индира Сейітқасымованың келтірген дерегі бойынша, бұл қаражаттың бір бөлігі сот арқылы қайтарылған. Ал алаяқтың жеке мүлкін тәркілеп, өзін үш жылға бас бостандығынан айырған."Алайда бұл іс мұнымен аяқталмай тұр, прокуратурадағылар одан зардап шегушілердің саны қазіргісінен әлдеқайда көп екендігіне сенімді. Қазірдің өзінде полицияда алаяқ әйел жер телімін сатып алып беремін деп уәде беріп алдап кеткен тоғыз адамның арыз-шағымы жатыр. Оның бұл реттегі қылмысы ашылатын болса, онда оның темір тордың арғы жағында өтейтін мерзімі тағы да ұзартылады" - деді Сейітқасымова.

Еске сала кетелік, осыған ұқсас оқиға алдында Астанада тіркелген болатын. Алаяқ әйел қаланың "Тұрғын-үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінен бір кабинетті жалға алып, онда әлі пайдалануға берілмеген көпқабатты тұрғын үй пәтерлерін жалға беріп отырған. Жалға алатын пәтер іздеп жүрген адамдардың сеніміне әбден кіріп алған ол бөтен баспананың қожайыны ретінде өзін таныстырған. Алаяқ әйел мен оның сыбайластарының құрығына да 30 шақты адам түскен. Бұл топтың үстінен 16 қылмыстық іс қозғалған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети