20 қараша 2019 09:51

Ақтөбеде әлеуметтік қызметкерлер зейнеткерлердің сеніміне кіріп, картасынан ақша алып отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © "Еуразия бірінші арнасы" Видеодан алынған кадр. © "Еуразия бірінші арнасы"

Ақтөбеде қарттар мен мүгедектер үйінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер зейнеткерлердің сеніміне кіріп, артынан банктік карталарынан ақша алып отырғаны анықталды, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".


Ақтөбеде қарттар мен мүгедектер үйінде жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер зейнеткерлердің сеніміне кіріп, артынан банктік карталарынан ақша алып отырғаны анықталды, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Тергеу мәліметінше, әлеуметтік қызметкердің бірі банк картасының мерзімі өтіп бара жатқанын, сондықтан оны ауыстыру қажеттігін айтқан. Зейнеткер банкоматтың тілін білмегендіктен, қызметкерге сеніп, картасын қолына ұстатып жіберіпті. Кейін жаңасын әкеп берген. Бірақ зейнеткер әлеуметтік қызметкер өз картасынан ақшасын шешіп алды ма, жоқ па нақты білмеймін деп отыр.

"Маған картаны әкелгенде ашық-шашық болды, жанында бір сандар жазылған қағаз болды. Кейін прокурорлар келді, тергеуші болды, менің картамды суретке түсіріп алып, алып кетті", - дейді облыстық қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғыны Анатолий Кузубов.

Телеарнаның мәліметінше, интернатта 223 адам тұрса, соның 96-сы 1 және 2-топтың мүгедегі. Олардың барлығы зейнетақы мен жәрдемақы алатындар. Әлі келгендер қаржыны банкоматтан өздері шешеді. Ал шамасы келмейтіндерге әлеуметтік қызметкерлер көмектеседі екен.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы мәселемен айналысып жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети