09 маусым 2018 12:11

Ақтөбеде белгісіз біреулер емхана дәрігеріне жұмыс орнында пышақпен шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде белгісіз біреулер емхана дәрігерін жұмыс орнында өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбеде белгісіз біреулер емхана дәрігерін жұмыс орнында өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, отбасы дәрігеріне кабинетінде пышақпен шабуыл жасалған. Қалалық Денсалық сақтау басқармасы мен прокуратуре өкілдері бұл мәліметті растады Оқиға 7 маусымда сағат 12.00-де болған.

"Сағат 12:01-де жедел жәрдем станциясына емханадан хабарлама келіп түсті. Сағат 12:10-да жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында болды, ал сағат 12:35-те науқас теміржол ауруханасына жеткізілді. Жарақаттар алған. Зардап шеккен ер адамға кішігірім ота жасалды. Бүгінде жағдайы тұрақты, жақсы. Бірақ сауығып кетті деп айтуға әлі ерте", - деп хабарлады Ақтөбе қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мамбетжанова.

"Осыдан кейін (шабуылдан кейін) кім дәрігер болып жұмыс істегісі келеді? Зардап шеккен адам жас, жасы 26-да. (...), - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Прокуратура өкілдері әлі іс материалдарының келмегенін айтады. Бірақ олар бұл мәліметті растады және кейінірек толығырақ мәлімет беруге уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети