29 қазан 2015 09:20

Ақтөбеде екі ер адам әскери прокурорды тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dnpr.com © Dnpr.com

Ақтөбеде екі ер адам әскери прокурорды тонап кетті, - деп хабарлайды "Диапазон". Ұрылардың қолына түскен барсетканың ішінде 50 мың теңге мен мың доллар болған.


Ақтөбеде екі ер адам әскери прокурорды тонап кетті, - деп хабарлайды "Диапазон". Ұрылардың қолына түскен барсетканың ішінде 50 мың теңге мен мың доллар болған.

Тонау кешке қарай болды. Әскеи прокуратураның қызметкері Сәнкібай батыр даңғылына дейін таксимен келеді. Ол үйіне дейін құрылыс алаңдары арқылы өтпек болады. Прокурордың қарапайым азаматтар сияқты киініп алғаны белгілі болды. Үйдің қақпасының жанынан оған екі адам жақындап, қалтасынан барсетканы алып кеткен. Кейін екеуі де тығылып қалған. Тоналған ер адам полиция шақырды. Барсетканың ішінде ақшадан өзге қызметтік куәліктің болғаны анықталды.

Кейін ұрылардың жергілікті ЖШС-тың қызметкерлері болғаны анықталды. Екеуі де 25 жаста. Сотта олар өздеріне тағылған айыпты мойындап, ақшаны өзара бөліскендерін айтты. Олардың жастығына және келтірілген шығынның орнының толтырылуына байланысты сот оларды 5 және 4 жылға бас бостандығынан шектеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети