05 желтоқсан 2019 17:14

Ақтөбеде жеті адамды алдаған алаяқ әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жеті адамды алдаған әйел қамауда отыр, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Ақтөбеде жеті адамды алдаған әйел қамауда отыр, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала тұрғыны мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін алып беруге уәде берген. Алданған тұрғын 150 мың теңге беріп жіберген.

"Сондай-ақ, жоғары оқу орнының 3-курс студенті ақысыз білім алу үшін 700 мың теңгесін алаяққа ұстатты. Ол қазір ақылы бөлімде білім алып жүр. Қазір жеті дерекке қатысты тергеу басталды",  - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ведомство мәліметінше, күдікті уақытша тергеу изоляторында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети