16 тамыз 2017 09:47

Ақтөбеде қала тұрғыны қарттар үйіндегі түскі асты суретке түсіргені үшін сотты болып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде қала тұрғыны қарттар үйіндегі түскі асты суретке түсіргені үшін сотты болып жатыр. Қыздан моральдық шығын ретінде 300 мың теңге талап етілген. Оның күйеуі мен сіңлісінен де осындай сома өндіруге арыз жазылған. Бұл туралы Times kz сайты жазады.


Ақтөбеде қала тұрғыны қарттар үйіндегі түскі асты суретке түсіргені үшін сотты болып жатыр. Қыздан моральдық шығын ретінде 300 мың теңге талап етілген. Оның күйеуі мен сіңлісінен де осындай сома өндіруге арыз жазылған. Бұл туралы Times kz сайты жазады.

Басылым тілшілерінің мәліметінше, Надежда Иванникова өз әжесінің қарттар үйіне өз еркімен барғысы келгенін айтыпты. "Бастапқыда ол үшінші қабатта жатқан еді.  Өз бөлмесі бар еді, бөлмесі жиналып тұратын, бәрі де ұнайтын. Кейін оның көру қабілеті нашарлап кетті. Көзі көрмей қалды, денсаулық жағдайына байланысты оны бірінші қабатқа орналастырыпты. Бірінші қабатта жағдай нашар еді. Әрбір барғанымызда шағым айтып отырады. Дұрыс тамақтандырмайтынын айтты, телефон соққызбайтынын, ал медбикелердің дәріханаға кеткеннен кейін қалған ақшасын өз қалталарына салып алатынын айтты", - деді немересі. 

Надежда күйеуімен бірге әжесіне келген кезде қарттар үйінің тұрғындары қалай тамақтанатынын өз көзімен көріпті. 

"Бөлмеге медбикелер кіріп, дастарханға табақты қоя салды. Біздің әжемізбен қатар екі кейуана болды. Біз әжемізбен әңгімелесіп отырғанда сол екі әжейдің табақты алып, тамақты қолмен жеп жатқанын байқадық. Сұмдық. Не беріп жатқандарын көрдім, онда ұнтақталған тамақ пен скумбрияның тілігі болды. Қасық та, орамал да болмады. Зейнеткерлерден "Сіздерге тағы бірдеңе қажет пе? Қасықтарыңыз қайда?" деп сұрадым. "Мұнда бізде ештеңе бермейді, ұрланады" деп қолды бірақ сілтеді. 

Осыдан кейін қыз қарт кісілерді суретке түсіріп алған. Суретті әлеуметтік желіге салыпты. Бірнеше күн өткенде интернаттың заңгері хабарласып, үстінен арыз түсіргенін хабарлаған. 

"Әңгімелескеннен кейін, менің, күйеуімнің және сіңлімнің үстінен сотқа арыз түсіргенін білдім. Енді олар әрқайсымыздан 300 мың теңге талап етіп жатыр, ал айтқан сөздерімізді жоққа шығаруымыз қажет екен", - дейді келіншек. 

Басылымның мәліметінше, Надежданың сіңлісі Ирина Иванникова сол күні қарттар үйіне тіпті де бармаған екен. Яғни суретке оның ешқандай қатысы жоқ. 

Ал өз кезегінде қарттар үйінің директорының міндетін атқарушы Болат Исаев бұл сурет санитарлардың жұмысына нұқсан келтіреді екен. 

"Жазғандарының бәрі объектив емес. Ол мұнда келіп, тығылып суретке түсірген. Қасына екі куәгер алып, басшылыққа баруына да болар еді. Мыңдаған мысал бар. Балықты ол өзі алып келген де шығар. Біздің интернат 72-жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда көп адам болған. Қарты 92-де, ал ең жасы 28-де. Қажетті күтім болмаса, адамдар мұндай жасқа дейін жетпейтін еді. Қарттардың қандай жағдайда келіп, уақыт өткеннен кейін қандай жақсы жағдайда болатынын көріңіздер. Бәрі тек бірен-саран кездесетін жағдайларды көріп қалады, бұл шынайы деп айта алмаймын", - деп мәлімдеді ол. 

Бұл іс бойынша шешім азаматтық сотта 21 тамызда шығады. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети