Ақтөбеде қарақшылық шабуыл кезінде қаша жөнелген күзетші жұмысынан өз еркімен шықты

05 Желтоқсан 2017, 17:19
0
Ақтөбеде қарақшылық шабуыл кезінде қаша жөнелген күзетші жұмысынан өз еркімен шықты -

Ақтөбеде букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалған кездеқашып кеткен күзетші жұмыстан өз еркімен шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті жұмыс берушілер растап отыр. 

Бұл оқиға 29 қарашада түнгі 3:30 шамасында болған. Видеода бетперде киген үш адамның ғимаратқа баса-көктеп кіргенін көруге болады. Олардың қолдарында қаруға ұқсас зат болған. Осы кезде екі қыз үстелде ұйықтап отырған, ал залдың ішінде күзетші ұйықтап жатқан.

Шабуыл жасалған кезде, қаскөйлер күзетшіні қарумен қорқытқан, ол басқа бір бөлмеге кіріп кетеді. Қыздар шабуыл жасаушы үш адаммен сол жерде қалып қойған. Шабуылшылардың бірі қыздар отырған үстелге барып, бір қызға соққы жасап, ақша беруін талап етеді. Осы оқиғаның видеосы Қазнетте таяуда ғана шықты. 

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі 29 қарашада түнгі 3:30 шамасында букмекерлік кеңсеге белгісіз үш адамның баса көктеп кіргенін айтты. Олардың бірі бетперде киген, ал екеуі - көзі ғана ашылған баскиімде болған. 

"Қаруға ұқсас затпен қорқытып, олар қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассадан 200 мың теңге алып кетті. Сол уақытта ғимарат ішінде екі оператор-кассир (1994 жылғы және 1998 жылғы), сонымен қатар бір 1988 жылғы күзетші болған", - деді ІІД өкілдері. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай