21 ақпан 2017 23:40

Ақтөбеде қызыл дипломмен жұмысқа кірген мұғалім сегіз жастағы оқушыны зорламақ болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадры КТК кадры

Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі зорламақ болған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Ақтөбеде бастауыш сынып оқушысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі зорламақ болған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бұл оқиғаны естіген №16 мектеп мұғалімдерінің өзі таңғалып отыр. Өйткені мұнда оқу жылының басында ғана келген жас маманнан мұндай сорақылықты күтпеген. Директор болса 23 жастағы жігітті қызыл дипломына қызығып жұмысқа алғанын айтыпты. Дегенмен, тәртіп сақшыларына сегіз жастағы қыздың ата-анасы шағым түсірді. Олар ағайының оқушыға арам оймен тиіскенін жайып салыпты. Әйтсе де, педофилден жәбір көрген жеткіншек мектепке келіп жүр. Оны мектеп психологтары бақылауға алыпты.

"Ата-аналардың бірінің мұғалімнің үстінен арыз түсіргенін білеміз. Оны сол күні тәртіп сақшылары тергеуге алды. Қазір оқытушы қызметінен аластатылды. Енді одан әрі не болатыны тексеру қортындысына байланысты", - дейді №16 мектеп директоры Әліби Латып (Дереккөз: КТК).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети