24 ақпан 2016 18:09

Ақтөбеде Сирияға кетуді жоспарлаған экстремистер тобы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ақтөбеде 11 адамнан тұратын діни экстремистік топ ұсталды. Олар қарулы қақтығысқа қатысу мақсатында Сирияға кетіп қалуды жоспарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе қаласында 2016 жылдың 19 ақпанында 11 адамнан тұратын діни экстремистік топ ұсталды. Ұсталғандар Сирия Араб Республикасында болып жатқан қарулы қақтығысқа қатысу мақсатында елден шығып кетуді жоспарлаған. Бұл тұлғалардың әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, қылмыс болып саналады. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген прокуратура хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети