08 қараша 2019 10:31

Ақтөбеде таныстарын бопсалаған жігіт сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қалалық №2 сотта 31 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз таныстарын қорқытып, 4 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Ақтөбе қалалық №2 сотта 31 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз таныстарын қорқытып, 4 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, сотталушы Қанат Мақсатов таныстарына жеңіл көлікті уақытша пайдалану үшін берген. Көлік жөндеу орталығында тұрған машина белгісіз жағдайда жоғалып кетіп, оның шығынын жәбірленуді Олжас Жалғасов өтеген. Іс материалына сүйенсек, жоғалған көлік үшін ол 1,8 миллион теңгеден аса ақшаны қолма-қол санап берген.  

"Кейін сотталушы Қанат тағы 1,5 миллион теңге сұраған. Және әр тәулік үшін 70 000 теңге көлемінде пайыз қосатыны туралы мәлімдеген.  Жәбірленуші О.Жалғасов отбасының амандығын ойлап, болған жайтты полицияға хабарлайды. Соңында сотталушы барлығы 5,3 миллион теңге сұрап, 4 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды", - деп жазылған сот материалында.

Сот үкімімен Қанат Мақсатов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети