20 желтоқсан 2016 23:09

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Наша Газета © Наша Газета

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тұтқындаулар енді Астанада жалғасып жатыр. Бұл жолы Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғасының қолына кісен салынды. Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Рахат Аханов тіпті тергеуге алу үшін Ақтөбеге жеткізіліп те қойған. Оған осы аймақта қара алтын ұрлаумен айналысқан топқа қолдау көрсеткен деген айып тағылып отыр. 

Рахат Аханов 5 жыл бойы Ақтөбеде облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған. Жаздағы лаңкестік оқиғадан соң қызметін ауыстырып, Астанаға ауысқан. Мәліметтерге қарағанда, Аханов Ақтөбедегі қара алтын ұрлаған мафияның әрекетіне көз жұмғанымен қоймай, мұнайды өткізуге көмек беріпті. Осы қылмыстық топты "Ағайынды төртеудегі" Еркін Ізбасар басқарған. Арбаға таңылған ол қазір сыбайластарымен бірге қамауда отыр.  Қылмыстық топ құрамында болған 16 адамның арасында салафиттер мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети