30 наурыз 2019 12:09

Ақтөбелік шекарашылар елге жалған құжатпен кірмекші болған ер адамды ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік шекарашылар Ресейден жалған төлқұжатпен оралған қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбелік шекарашылар Ресейден жалған төлқұжатпен оралған қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе шекара отрядының "Жайсаң авто" бөлімшесінде шекара наряды елімізге жалған төлқұжатпен кірмекші болған азаматты ұстады.

Тексеруге Фарход есімді 1967 жылғы қыркүйекте туған ер адамның төлқұжатын ұсынған адам шын мәнінде 1967 жылдың тамызында туған Фархаджан есімді Қазақстан Республикасының азаматы екені анықталды.

Ұсталған ер адамның айтуынша, 2011 жылы Ресейге жұмыс іздеп барған ол бір жылдан кейін ақшасы мен құжаттарынан айрылған екен. 2015 жылға дейін көрші елде құжатсыз қаңғырған ол сол жылы Мәскеудің Комсомольск метросында жалған төлқұжат, жүргізуші куәлігі мен уақытша тіркеу куәлігін сатып алып, Балашихадағы саяжайларда емін-еркін жұмыс істепті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети