03 шілде 2015 20:54

Ақтөбелік студент қыз қызғаныштан кісі өлтірді деп айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Delfi.it ©Delfi.it

Ақтөбе қаласының 1990 жылғы тұрғыны қызғаныштан кісі өлтірген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істі Ақтөбенің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарап жатыр, процесс жабық түрде өтіп жатыр.


Ақтөбе қаласының 1990 жылғы тұрғыны қызғаныштан кісі өлтірген болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Істі Ақтөбенің мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарап жатыр, процесс жабық түрде өтіп жатыр.

Облыстық соттың біздің тілшімізге жолдаған айыптау актісінде студент қыздың 2013 жылы 6 маусымда сүйіктісімен бірге отырып, оны мойнынан пышақтағаны туралы жазылған. Жігіт бірнеше күн өткеннен кейін ауруханада жан тапсырды. Құжатта бұл жұптың бірнеше жыл бойы көңіл қосқаны, содан кейін 2012 жылы айырылысып кеткені айтылады. Бұдан кейін жігіт басқа қызбен танысып, онымен үйленуді жоспарлайды. Оқиға болған күні айырылысып кеткен жұп қарым-қатынастарына нүкте қою үшін соңғы рет кездескісі келген. 

Өз кезегінде айыпталып отырған қыздың анасы Times.kz басылымына берген сұхбатында оның өзін қорғамақ болғанын айтады. "Олар аракідік кездесіп жүріп, кейін айырылысып кетті. (...) Ол қызымды гараждар жаққа апарып, ұрып-соғып, зорлады. Қызым қашып шықпақшы болды, көлік салонында пышақ тауып алып, оның тамағынан ұрды. (...) Егер ол Жоламанды пышақпен ұрмаса, ол қашып шыға алмайтын еді", - деді күдіктінің анасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети