Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбелік студент мүгедек әпкесіне бала ұрлап әкелгені үшін сотталды

26 Тамыз 2015, 10:41
0
© REUTERS
© REUTERS

Ақтөбелік студент мүгедек әпкесіне бала ұрлап әкелгені үшін сотталды. Сот Шәріповті кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды "Мой город".

Жігіттің туыстары үкімнің тым қатал екенін айтады. Алайда мемлекеттік айыптаушы ақтөбеліктің ең оңай жаза алғанын түсіндірді. Бір жасар баланы ұрлап әкеткені үшін ол 12 жылға сотталуы мүмкін болыпты.

"Сот сотталушының істеген ісіне өкінетінін есепке алды. Оның жасын, осыған дейін сотты болмағанын ескерді. Сонымен қатар, оның отбасылық жағдайы ескерілді: ол бес жасынан жетім қалып, әжесінің қолында өскен. Үкімге шағым келтіруге сотталушының 15 күні бар", - деді Ақтөбенің №2 сотының судьясы Рауия Құстанова. 

Еске сала кетейік, егде жастағы әйелдің басынан құбырмен ұрып, бір жасар баланы ұрлап әкеткен 19 жастағы студент Азамат Шәріпов бұл әрекетке мүгедек әпкесі үшін барғанын айтқан болатын. Оқиға 2015 жылы 25 мамырда Ақтөбеде болған. Сот отырысында айыпталушының айтқан мәлімдемесі бойынша, әпкесі босанғаннан кейін баласын жоғалтып алған, кейін оның тірі және басқа отбасында тәрбиеленіп жатқаны анықталды. Бұл мәліметті, жігіттің айтуынша, "мейірбике" телефон арқылы хабарлапты. Осыдан кейін ол мекенжайы айтылған әйелге барып, ол жерде тұратын адамдарды бақылай бастаған. 25 мамырда зардап шеккен әйел немересімен серуендеп жүріпті. Оның артынан біреу келіп, темір құбырмен басынан бірнеше рет ұрып, баланы алып қашып кеткен. Әйел бірқатар уақыттан кейін есін жиып, өтіп бара жатқандарды көмекке шақырды. Ақыры күдіктіні такси жүргізушісі ұстады. 

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай