13 қазан 2016 16:59

Ақтөбенің жергілікті полиция қызметіндегілер 5 маусымда болған терактіде әрекетсіздік танытты деп айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

5 маусымда Ақтөбеде болған теракті кезінде әрекетсіздік танытты деп қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы мен оның орынбасары айыпталып отыр, - деп жазады "Интерфакс-Казахстан".


5 маусымда Ақтөбеде болған теракті кезінде әрекетсіздік танытты деп қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы мен оның орынбасары айыпталып отыр, - деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

"Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 370-бабының 4-бөлігі бойынша  - қызметтегі әрекетсіздік, яғни мемлекеттік міндеттерді, сонымен қатар қызметтік міндеттерді атқармай, өзіне және басқалардың пайдасына қызмет еткені үшін айыпталады", - делінген ҚР Бас прокуратурасының тергеу тобының қылмыстық іске қатысты қабылдаған қаулысында.

Құжатқа сәйкес, тергеу жұмыстары барысында Ақтөбе қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Шляшев пен оның орынбасары Е. Шұканов қызметтерінде әрекетсіздіктің болғаны анықталған.

"Шляшев пен оның орынбасары Е. Шұканов террористік актіні тоқтату мақсатында қажетті әрі дұрыс шараларды қолданбаған", - делінген қаулыда.

11 қазанда Бас прокуратурадағы арнайы прокурорлар департаменті басшысының қаулысымен осы іске қатысты тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары ҚР Бас прокурорының көмекшісіне және тергеу тобының басшылығына әрі қарай зерттеуге жіберілді.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети