28 маусым 2016 17:00

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алаяқтық жасаған есепшілері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.kz © komi-news.kz

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алаяқтық жасаған есепшілеріне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісісот залынан.


Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алаяқтық жасаған есепшілеріне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісісот залынан.

Сот үкімімен айыпталушылардың екеуі Нұрлан Балауса және Диана Тұрсынбекова шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оларға пробациялық бақылау қойылды. Сонымен қатар, олар толықтай материалдық жауапкершілігі бар қызметтерді атқару құқығынан үш жылға айырылды.  

Есепші Сәуле Жекенова ҚР ҚК-нің 176 және 176-баптары бойынша айыпты деп танылды, ол мүлкі тәркілене отырып, бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жаза мерзімі қысқарып, бес жылға белгіленді. 

Осыған дейін ҚазҰУ есепшілеріне 120 миллион теңге жымқырды деген күдік келгені хабарланған болатын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің өкілдері оқу орнындағы қаражат жымқыру ісіне байланысты пікір білдіріп, бұл оқиғаның 2014 жылдың соңында болғаны хабарланды. Сол кезде ҚазҰУ қауіпсіздік қызметі мен аудиторлық тексеріс студенттердің алаяқтығы дерегін және бухгалтерия мамандарымен келісу арқылы оқудың ақшасын төлеуден жалтаруы дерегін анықтады. Сонымен қатар, есепшілерді жұмысқа бұрынғы басшылықтың қабылдағаны хабарланып отыр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, есепшілер 2008 жылдан бастап қаражаттарды жымқырумен байланысты заңға қайшы алаяқтық әрекеттер жасап келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети