24 ақпан 2015 12:25

Алаяқ "немере" соғыс ардагерін тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Котелевский. ©ng.kz Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Котелевский. ©ng.kz

Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Котелевский мен оның зайыбы алаяқ қыздың құрбаны болды, қарттарды немересі болып алдаған қыз олардың 30 мың теңгесін алып кеткен, - деп хабарлайды "Наша газета". 


Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Котелевский мен оның зайыбы алаяқ қыздың құрбаны болды, қарттарды немересі болып алдаған қыз олардың 30 мың теңгесін алып кеткен, - деп хабарлайды "Наша газета". 

Оқиға 13 ақпан күні болды. Бір қыз пәтер есігінің қоңырауын басып, өзін қариялардың Таня деген немересі екенін айтады. Соғыс ардагерінің үйіне осылайша емін-еркін кірген "немере" өзіне дәрі-дәрмек алуға ақша керек екенін айтады. Көздері нашар көретін қариялар алаяқ қызды шынымен өз немерелері Таня екен деп қалады. Екі жыл бұрын ұлды болған Таня ата-әжесінің үйіне сирек бас сұғады екен. 

"Қыз "20 мың теңге керек" деді. Шал орындық алып, шкафқа жақындады. Қыз оны демеп тұрды. Шал 20 мың теңге алды. Ол "маған негізі 33 мың теңге керек еді" деді. Ертең әкеліп беруге уәде етті. Шал оған байқамай екі мың теңге берген екен, ол екі мың теңгені алып, тағы бес мың теңге сұрап алды", - дейді соғыс ардагерінің зайыбы. Оның айтуынша, қыз бетін капюшонымен көлегейлеп, үнемі қатты күле берген. Қариялар алаяққа алданғанын кеш біледі. 

Ұлы Отан соғысы ардагері полицияға хабарласып, болған оқиғаны айтып берді. Ол өзге қарттардың алаяқ қыздың құрбаны болмағанын ойлайтынын айтты. Иван Котелевский 1942-1945 жылдары Орталық және Үшінші Беларусь майдандарында құрлық әскерлерінде барлаушы болған. І дәрежелі Отан соғысы, ІІІ дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдерімен марапатталған. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети