23 тамыз 2014 18:57

Алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық азамат БАӘ-дан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теngrinews © сайтының мұрағатынан Теngrinews © сайтының мұрағатынан

Алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін құзіретті органдар халықаралық іздеу жарияланған Шухратжан Мырсадықовты Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелді. Ол "өте ауқымды көлемде жалған құжат жасады" деп айыпталған болатын", - делінген баспасөз парақшасында. 

Тергеуші органдар Мырсадықовты "2007 және 2012 жылдары алаяқтық жолмен қаржылық мүмкіндіктерге ие болды" деп айыптайды. Ол түрлі жалған банктік құжаттар дайындап, әлі салынып бітпеген үйлердің құжаттарын жасап, жылжымайтын мүлік ретінде кепілге қойып, 7,5 миллион теңге несие алады. Сонымен қатар, туыстарының да мүліктерін кепілге қойып, 26,5 миллион теңгені қымқырады да, қашып кетеді.  

Мырсадықов Әбу-Даби қаласынан Астанаға тергеу изоляторының көмегімен жеткізілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети